Рыспаева
Әсем Болатовна 1981 жылы 14 қыркүйекте Зыряновск қаласында дүниеге келген. Ол Өскемен және Алтай қалаларында бірнеше
кавер топтардың солисті әрі негізін қалаушы, сондай-ақ ҚР «Кохання» халық
ұжымының солисті. 10-шы мерейтойлық X Factor Қазақстан жобасының финалисті,
Golden Time Talent байқауының жеңімпазы, «Золотой Тургусун» халықаралық
байқауының жүлдегері.
Әсем
Болатовна үш мемлекеттің Президенттері алдында өнер көрсетті: Қазақстан,
Беларусь және Украина, «Дружба» халықаралық жастар фестивалінде ҚР «Кохання»
халық ұжымы құрамында. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті,
Премьер-министрі мен Украина елшісі алдында да өнер көрсеткен. Қала мен
облыстық іс-шараларға белсенді қатысып қана қоймай, вокалдық жобалар мен
байқауларға бірнеше рет әділқазылар алқасының мүшесі және тәлімгер ретінде
шақырылған.
Жетістіктері:
-
«Золотой Тургусун» байқауының Бас жүлде иегері;
-
«Звезда Востока» байқауы – 1 орын;
-
«Дружба» фестивалі – 1 орын;
-
«Две звезды» байқауы – Гран-при және тағы басқа.
ҚР
«Кохання» халық ұжымы құрамында Әсем Болатовна бірнеше рет Қазақстанды
халықаралық байқаулар мен фестивальдерде таныстырып, Гран-при мен 1 орындарды
жеңіп алған.