Мәдениет саласының үздігі
Біліктілігі
жоғары деңгейдегі вокалист, білімі жоғары – «Қазақ ұлттық академиясы»,
біліктілігі – опера әншісі.
Үрлемелі және симфониялық
оркестрде, «Байжігіт» қазақ халық аспаптар оркестрінде, «Алтай» фольклорлық
ансамблінде ән айтады.
Орындау
деңгейін арттыру бойынша үнемі жұмыс жасайды.
Айжан Мазкенова көптеген республикалық және
халықаралық вокалдық байқаулардың жеңімпазы,
«Қазақ романсиадасы» XII халықаралық романс орындаушылар байқауының лауреаты (Шымкент қ., 2009 ж.).
Назира Ахмедова атындағы халықаралық
конкурстың дипломанты (Ташкент қ.).
Н.Тілендиев атындағы республикалық вокалисттер байқауының дипломанты.
2009 жылы Абайдың 165 жылдығына арналған
облыстық вокалисттер байқауында 2-орын алды.
2011 жылы Б.Төлегенова атындағы халықаралық
вокалисттер байқауының қатысушысы.
2023 жылы Мәдениет саласының үздігі төс белгісімен марапатталды