Қалык Қамит
ШҚО Мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК солисті
Қалық Қамит
Профессионалдық курстары:
- Тұңғышбай Жаманқұлов «Сөз тазалығы мен сөз әрекеті»
- Күлжамила Әбілдәевна «Сахналық кейіпкер жасау элементтері»
Профессионалдық дағдылары: актерлік мамандықта қолдануға болатын барлық дағдылар: сахналық сөйлеу, сахналық қозғалыс, вокал, хореография.
Қосымша дағдылар (тілдер, көлік жүргізу, атпен жүру, жекпе-жек өнері, жүзу): атпен жүру, жекпе-жек өнері.
Еңбек өтілі: 9 жыл.
Халық Қамит еңбек жолын 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында актер болып бастады. 
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған.
2022 жылдан бастап ШҚО Мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК солист-вокалисті болып жұмыс істейді. Еңбек жолында білікті әрі кәсіби маман ретінде өзін көрсетті.
2022 жылдан бастап «Ұлттық Рухани Жаңғыру» және «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобалар аясында гастрольдік концерттерге тұрақты түрде қатысып келеді.
2024 жылы С. Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсының премьерасында өнер көрсетті.
Халық Қамит қала мен облыс мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосып, тек вокалист ретінде ғана емес, облыстағы ірі мәдени шараларда қазақ тілінде жүргізуші ретінде де танылды. Жауапты, коммуникабельді, орындаушы. Әрқашан репертуарын жаңартып, орындаушылық шеберлігін жетілдіру бойынша жұмыс істейді.
2024 жылы «5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары Астана 2024» шарасына қатысты.