2025 жылдың 25 ақпан күні Алтай ауданының Серебрянск қаласында ШҚО білім басқармасының Девиантты мінез – құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының «Alem sazy» вокалды-аспаптық ансамблі мен солисттері гастрольдік концертпен барды.
Балалар ансамбльмен бірлесе ән шырқап би биледі. Филармония әртістері жанды дауыста ең танымал хиттерді орындады.