«Алтай» би ансамблінің мерейтойлық концерті
87232700670

23 мамыр күні облыстық филармония сахнасында «Алтай» би ансамблінің мерейтойлық концерті өтті.
Концерттік бағдарламада «Алтай» би ансамблі және арнайы шақырылған қонақтар Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Шалқыма» би ансамблі, Иса Байзаков атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Нұр» би ансамблі, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисттері Богдан Вербовой және Жанель Тукеева, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының солисті Айнұр Мұқашева өнер көрсетті.
Хореографияның майталмандары, өз ісінің шеберлері көрермендердің зор қошеметіне ие болып, кәсібилігімен тәнті етті.
Ансамблімізді бес жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!