«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Марқакөл ауданының Мәдениет күні өтті!
«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Марқакөл ауданының Мәдениет күні өтті! ????
Қала тұрғындары мен қонақтары өңірдің мәдениеті мен тұрмысымен таныса алды:
* Облыстық филармония фойесінде аудан шеберлерінің бірегей қолөнер бұйымдары, ең үздік ауылшаруашылық өнімдері және көрме ұйымдастырылды.
* Күннің қорытындысы ретінде Марқакөл ауданының өнерлі шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарлама өтті.
Бұл шара рухани жаңғырудың, ұлттық бірліктің және туған жерге деген терең ілтипаттың жарқын көрінісі болды! ✨