«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Зайсан ауданының мәдениет күні өтті. Бұл шарада әрбір қонақ туған өлкенің бірегейлігіне, бай тарихына және жаны терең рухани әлеміне жақын болуға мүмкіндік алды.
Қала қонақтары мен тұрғындарын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әндер мен өлеңдерден құралған музыкалық сәлеммен қарсы алды.
Келушілер назарына Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуы туралы деректі фильм ұсынылды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің, тарихи жәдігерлердің, халық шеберлері, зергерлер мен суретшілердің туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 80 жылдық мерейтойын атап өтетін Зайсан техникалық колледжінің жетістіктер көрмесі ұсынылды.
Күннің қорытындысы ретінде Зайсан ауданының шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының қатысуымен «Жайсаң Зайсан елі шақырады!» атты гала-концерт өтті.