Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Күршім ауданы
 «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Күршім ауданының мәдени күні өтті!
Бұл күн – бірегейлік, дәстүр мен шығармашылық шабыттың нағыз мерекесіне айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама әзірленді, оған төмендегілер кірді:
Күршім ауданында өндірілетін өнімдердің дегустациясы;
 халық шеберлерінің көрмесі – ұлттық әшекейлер мен қолданбалы өнер бұйымдары және т.б.;
ауданның туристік әлеуетін таныстыру – көрікті бағыттар мен табиғи нысандар;
 өнеркәсіп, білім, спорт және мәдениеттің дамуын көрсететін жетістіктер көрмесі.
Күннің қорытындысы ретінде шығармашылық ұжымдардың гала-концерті болды. 
Сахнада үздік вокалистер, би ансамбльдері мен аспаптық топтар өнер көрсетіп, заманауи және халықтық туындыларды орындады. Олар Күршім өлкесінің рухын, тарихын және қайталанбас атмосферасын шебер жеткізді.