Облыстық филармонияда Ұлан ауданының «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында мәдени күні өтті!
✨ Облыстық филармонияда Ұлан ауданының «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында мәдени күні өтті!
Бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтарына келесі шаралар ұсынылды:
• жергілікті өндірушілердің жетістіктерін танытқан Ұлан ауданы өнімдерінің көрмесі;
• ұлттық мәдениеттің бірегей элементтерін бейнелейтін халық шеберлерінің қолөнер бұйымдары экспозициясы;
• өңірдің даму кезеңдері мен соңғы жылдардағы маңызды жобаларды айшықтаған «5 жыл – бір мақсат: Шығыс Салбұрыны» фотокөрмесі.
Мерекелік атмосфераны «Ұлы мекен – туған елім» атты мазмұнды концерттік бағдарлама жалғастырды. Онда Ұлан ауданының шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары туған жердің рухани байлығы мен ерекшелігін паш еткен вокалдық, би және аспаптық нөмірлерді орындады.
Мәдени күн — бірлік пен ізгі құндылықтарды нығайтып, туған жерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттырған маңызды шара болды.