Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының көрермендер залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Құттықтау сөз Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановқа берілді.
Концерттік бағдарламада ШҚО әртістері және арнайы шақырылған қонақтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Мапруза Утуленова, актер, тележүргізуші Тәуекел Мүслім, «Астана Опера» театрының солисттері Кайпбай Ислам, Заетова Назира халыққа өздерінің тамаша өнерлерін паш етті. Көрермендер мерекелік шарадан ерекше әсер алып, керемет көңіл күйге бөленді.