«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Катонқарағай ауданының мәдени кеші өтті!
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының филармониясында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Катонқарағай ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Кеш барысында көрермен назарына ауданның өнері мен мәдениетін дәріптейтін концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер, қойылымдар мен күйлер орындалды.
Сонымен қатар, ауданының тарихы, мәдениеті мен шығармашылығын таныстыратын көрмелер ұйымдастырылды.