«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Алтай ауданының мәдени кеші өтті!
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының филармониясында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Алтай ауданының өнерпаздары қатысқан тағылымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Кеш барысында көрермен назарына ауданның өнері мен мәдениетін дәріптейтін концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер мен күйлер орындалды.
Сонымен қатар, көрермендер назарына Алтай ауданының тарихы, мәдениеті мен шығармашылығын таныстыратын көрмелер ұсынылды.
Туған жердің тарихын дәріптеп, ұлттық өнерімізді ұлықтаған мазмұнды кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.