8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерті өтті ????
Құттықтау сөз Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановқа берілді.
Мерекелік кештің құрметті қонақтары:
 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев
Қазақстан эстрадасының жұлдызы Turar
 Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурлан Алимжанов
 Қазақ киноактері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Байжанбаев
Концерттік бағдарламаға «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблі, ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің әртістері, «Алтай» би ансамблі, ШҚО драма және оперетта театрының әртістері, «Экстази» шоу-балеті, «Территория» би студиясы, «Пируэт» үлгілі би ансамблі, ШҚО ПД хоры, «Қыдырәлі-Қарақат» мектеп-студиясы және облыстық филармониясының солисттері қатысты.
Кеш жарқын, әсерлі әрі шабытқа толы болды. Әсем әуендер, гүлдер, жүректен шыққан алғыс пен ізгі тілектер көктемнің жылы лебін сездіріп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады 
Құрметті арулар, мерекелеріңізбен!