«Төр Алтай Ақтанын жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалі
«Төр Алтай Ақтанын жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалі

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында Алтайдың ақиық ақыны Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына арналған «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық поэзия фестивалі өтті.

Ақын, жазушы, Қазақстанның құрметті жазушысы, ШҚО Жазушылар одағының директоры Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевтың авторлығымен ұйымдастырылған поэзия кеші көрерменге ерекше рухани әсер сыйлап, Ақтан Нұрбаевтың әдеби мұрасын кеңінен насихаттады. Кештің концерттік бағдарламасында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетті.

Фестиваль қорытындысында барлық қатысушы ақындар Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби шараға қосқан үлесі үшін арнайы дипломдармен және сыйақылармен марапатталды