???? «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясындағы Тарбағатай ауданының мәдени күні өтті ! ????????
Мұнда өнер, қолөнер және бай дәстүрлі мәдениет тамаша үйлесім тапты!
???? Облыстық филармония ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтарына «Дәстүр мен даму: Тарбағатай өрнегі» атты бірегей көрме ұсынылды:
* Туған өңірдің тарихы, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен рухани мұрасы туралы бейнеролик.
* Тарбағатай шеберлерінің бұйымдары – нағыз өнер туындысы!
* Ұлттық аспаздық дәстүрлер – көруге ғана емес, бағалауғада болатын тамаша үлгілер!
* Этно-киімдермен безендірілген фотоаймақтарда
* Tagbent компаниясының табиғи өнімдері және жергілікті кәсіпкерлердің тауарлары.
???? Мәдени күн облыстық филармонияның концерт залында Тарбағатай ауданының шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының әсерлі Гала-концертімен аяқталды!
Бұл шара жерлестерді бір шаңырақ астына жинап, Тарбағатайдың бай мұрасын мен әлеуетін көрсеткен нағыз мереке болды!