2026 жылдың 09 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Марқакөл ауданының мәдени күндері ұйымдастырылды.
Мәдени күндер аясында Марқакөл ауданының өнерпаздары көрермен назарына мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен күй арқылы туған жердің көркем табиғатын, бай тарихын және рухани құндылықтарын жеткізді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында Марқакөл ауданының тарихын, табиғатын, мәдениеті мен қолөнерін таныстыратын көрмелер ұсынылды. Көрме экспозициялары арқылы ауданның бай мұрасы мен ұлттық құндылықтары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында туған жерге деген сүйіспеншілік, елдік рух пен ұлттық бірегейлік идеялары кеңінен насихатталды. Өнерпаздардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мәдени шара жоғары деңгейде өтті.