2026 жылдың 29 қаңтарында облыстық филармониясының концерт залында «Шертпе күйдің шебері» атты күйші, дирижер Тұрсынғазы Баяховты еске алу кешіне арналған Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті өтті.
Тұрсынғазы Баяхов — Шығыс Қазақстан өңірінен шыққан, өнер өлкесінде өзіндік орны бар шебер домбырашы. Ол шертпе күйдің хас шебері ретінде танылып, қарапайым халықтың сүйікті өнерпазы болған. Баяховтың күйшілік мектебі мен шығармашылығы аймақтағы музыкалық мұраны дамытуда үлкен рөл атқарды.
Бүгінгі кеште қазақтың көркем күй өнері, халық музыкасының әсем шығармалары және кәсіби музыканттардың орындауындағы ерекше туындылар орындалды.