Концерт «Менің Қазақстаным», посвящённый Дню Республики.
2025 жылғы 24 қазанда «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК көрермендер залында Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты салтанатты концерт өтті.
Құттықтау сөзі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.Сақтағановқа беріліп, қала тұрғындары мен қонақтарын мемлекеттік мерекемен құттықтап сондай-ақ, өз ісіне адалдық пен жоғары кәсібилік танытқан шығысқазақстандықтарға мемлекеттік наградалар табыстады.
✨ Концерттік бағдарлама ұмытылмас әсер беріп облыстың шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ал кеш қонақтары Анна Данченко, Нұржан Бәжекенов және Венера Алпысбаева шабыт пен бірлік рухын қалыптастырды.
???? Бұл кеш – Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның жетістіктеріне деген құрметтің және жарқын болашаққа деген сенімнің символына айналды.
Қазақстан – ол біз! ????????