Ағымдағы жылдың 9 наурызы күні, Шығыс Қазақстан облыстық филармонияның көрермендер залында айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының ұсынуымен жазушы Қалихан Ысқақовтың 90 жылдығына арналған «Қара сөздің қарагері – Қалихан» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Айтысқа Қазақстан Республикасының облыстарынан келген 12 ақын қатысты.
Ақындар айтысының әділқазылар алқасы: - әділқазылар алқасының төрағасы, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жүрсін Ерман; - жазушы, публицист, ҚР Жазушылар Одағы ШҚ облыстық филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев; - белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Қалқаман Сарин; - ақын, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жанарбек Әшімжан; - ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының Абай облысы бойынша филиалының директоры Дәулет Сметов; - әділқазылар алқасының мүшесі, ақын, жыршы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, «Айтыстың ақтаңгері» атағының иегері Серік Құсанбаев; - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Серікзат Дүйсенғазы; - әділқазылар алқасының сарапшысы Өміржан Көпбосыновтар болды.
Айтыскер қатысушылар диплом және сыйақымен марпатталды.
ІІІ орын - Жансая Мусина, Біржан Байтуов;
ІІ орын - Иранғайып Күзенбаев, Аспанбек Шұғатай;
І орын - Рүстем Қайыртай;
Бас жүлде - Серік Қуанған.