2026 жылдың 6 қаңтарында «Alem Sazy» ВАА-нің Рождестволық ретро-концерті өтті.
Бұл кеште филармония сахнасы мерекелік көңіл-күйге, сағынышқа және шынайы эмоцияларға толды. Өткен жылдардың таныс әуендері жаңаша үн қатып, тыңдармандарды жарқын естеліктерге жетелеп, ұрпақтар арасындағы рухани бірліктің ерекше сезімін сыйлады.
Ретро-репертуар рождестволық атмосферамен үйлесім тауып, залды жылу, қуаныш пен шабытқа бөледі. Музыка өткен мен бүгіннің арасын жалғаған шынайы көпірге айналып, мәңгілік құндылықтарды, өнердің қуатын және жанды орындаудың сұлулығын еске салды.
«Alem Sazy» ВАА-лі мен облыстық филармонияның солисттері көрермендерге ұмытылмас әсер, мерекелік көңіл-күй және жүректерді ұзақ уақыт бойы жылытатын шынайы эмоциялар сыйлады.