5 шілде күні Өскемен қаласының Амфитеатр алаңында ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті.
5 шілде күні Өскемен қаласының Амфитеатр алаңында ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кеште қала тұрғындары мен қонақтарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен облыстық филармонияның солисттері Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Абай Қаирбек, Хадхан Манай, Естай Матабаев және Ерасыл Ринатов өнер көрсетті.
Концерт бағдарламасында қазақтың дәстүрлі аспаптық музыкасының таңдаулы туындылары мен халық әндері орындалып, көрермендерге ұлттық мерекенің ерекше рухын сезіндіріп, Қазақстанның бай мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін сыйлады.