2026 жылдың 23 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үлкен сахнасында Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті.
2026 жылдың 23 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үлкен сахнасында Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Концерт бағдарламасы түрлі мамандық иелерінің еңбегіне құрмет көрсетуге арналған музыкалық қойылымдардан тұрды. Әрбір нөмір елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін, кәсіби жауапкершілігін және ортақ болашаққа деген сенімін дәріптейді.
Концерттік бағдарламада Қазақстанның эстарада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Садвакасова, виртуоз аккордеоншы Махмуд Урумбаев, опералық әнші «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және халықаралық байқаулардың лауреаты Азат Мәлік, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солисттері, «Алтай» би ансамблі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУ хоры, балалар хоры, «Aiser» тобы, «Территория» би студиясы өнерлерін көрсетеді.
Концерт жүргізушілері кино және театр актрисасы, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гульнара Дусматова, театр мен кино актері Қуаныш Құдайберген. Кештің ерекшелігі – жасанды интеллект негізінде жасалған цифрлық жүргізушінің қатысуы. 
Мерекелік кеш өнерді, отансүйгіштікті және еңбек адамдарына деген құрметті тоғыстырып, бірліктің, өз еліне деген мақтаныштың және тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімнің символына айналды.