2026 жылдың 18 қарашасы күні облыстық филармонияның концерт залында Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің 25 жылдығына арналған концерт өтті.
2026 жылдың 18 қарашасы күні облыстық филармонияның концерт залында Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің 25 жылдығына арналған концерт өтті.
Құттықтау сөз Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановқа беріліп, оркестрдің бірқатар әртістерін еңбегі мен өнердегі жетістіктері үшін алғысхаттар табыстады.
Концерттік бағдарламада Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Моңғолия мемлекеттерінен арнайы шақырылған белгілі өнер қайраткерлері, дирижерлер мен кәсіби орындаушылар, сондай-ақ облыстық филармонияның солисттері, шығармашылық ұжымдар мен оркестр әртістері өнерлерін көрсетті.
Концерт ұлттық музыка өнерін насихаттауға, үш ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және шығармашылық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.