2026 жылдың 13 қарашасы күні облыстық филармонияның концерт залында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтті.
Мәдени күндер аясында Шемонаиха ауданының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер назарына ауданның мәдени дәстүрлері мен өнерін дәріптейтін музыкалық және хореографиялық қойылымдар қойылды.
Сонымен қатар, ауданның жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылып, онда жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері, ауыл шаруашылығы жетістіктері және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары таныстырылды.
Іс-шара Шемонаиха ауданының мәдени әлеуетін танытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға бағытталды.