12 маусым күні «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК көрермендер залында концерттік маусымның жабылуы өтті.
ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі және «Big Band» джаз оркестрі тыңдаушыларға «ОПЕРА · ОПЕРЕТТА · ДЖАЗ» атты ерекше музыкалық кеш ұсынды.
Бағдарламада Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач, Мәдениет саласының үздіктері: Айжан Мазкенова, Ботагөз Жұмабекова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Арника Байбусынова, Юлия Юрочкина, Абай Қаирбек, Асем Рыспаева өз өнерлерін көрсеттті.