11 шілде күні Катонқарағай ауылында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына арналған «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысы өтті.
Айтысқа еліміздің белгілі ақындары қатысып, олардың өнеріне Жүрсін Ерман төрағалық еткен білікті қазылар алқасы әділ бағасын берді. Айтысты ақын, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай жүргізді.
Қорытындысында Бас жүлде иегері Серік Қуанғанға автокөлік табысталды.
1 орын - Мейірбек Сұлтанхан
2 орын - Мақсат Ақанов
2 орын - Абай Жолмағамбет
3 орын - Шұғайып Сезімхан
3 орын - Даурен Ақсақал жеңімпаздар дипломдармен, арнайы жүлделермен және қаржылай сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар, айтысқа қатысқан өзге ақындарға да арнайы марапаттар табысталды. Ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыстын төрағасы Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арнап Шығыс жұртшылығының атынан автокөлік табыс етілді.
Кештің концерттік бағдарламасында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының әншілері Әсел Қыдырханова, Нұргүл Қабдоллаева және «Дарабоз» тобы өнер көрсетті.