10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Өскемен қаласындағы Республика алаңында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Өскемен қаласындағы Республика алаңында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов қатысып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті.
Абайдың рухани мұрасы – халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оның шығармалары білім мен ғылымға, адамгершілікке, еңбекке және ел бірлігіне үндеп, ұрпаққа бағыт-бағдар береді.
Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен мол шығармашылық мұрасын дәріптеу – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаудың маңызды бөлігі.
Абай сөзі – ұлттың рухани темірқазығы.
Абай мұрасы – мәңгілік мұра.