2026 жылдың 06 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтті
2026 жылдың 06 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтті.
Мәдени күндер аясында ауданның тарихи мұрасы, ұлттық қолөнер бұйымдары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, Үлкен Нарын ауданының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара Үлкен Нарын ауданының бай мәдениетін, ұлттық дәстүрлері мен өнерін дәріптеп, туған өлкенің өзіндік болмысын кеңінен танытуға мүмкіндік берді