«АЛТАЙ-АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ өтті.
Ағымдағы жылдың 14 маусым күні, Катонқарағай ауданы Бәйге  алаңының бас сахнасында «Алтай-Түркі әлемінің Алтын бесігі» фестиваль аясында «АЛТАЙ-АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ өтті.
Халықаралық айтыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «ПАРЫЗ» Қоғамдық қайырымдылық қоры және «Казцинк» компаниясының  демеушілігімен, ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен қолдауымен ұйымдастырылды.
Бұл айтулы додаға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден шақырылған келесі ақындар қатысты: Дидар Қами,  Жансая Мусина, Нұрмат Мансұров, Рауан Қайдар, Рүстем Қайыртай, Қазырет Бердіхан, Мейірбек Сұлтанхан, Іңкәрбек Әділхан, Нұрсұлтан Малдыбаев, Гүлжан Ықылас, Серік Қуанған, Қуаныш Еркінұлы.
Айтыс жүргізушісі – Аманжол Әлтай.  Ақындар айтысының әділқазылар алқасы: Жанарбек Әшімжан, Ұлықбек Есдаулетов, Серік Қусанбаев, Бауыржан Ерденбеков, Дәулеткерей Кәпұлы, Бекарыс Шойбеков, Ахметжан Өзбеков, Өміржан Көпбосын. 
Концерттік бағдарламада Еділ Құсайынов, Алмас Алматов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, ШҚО шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары: «Барқытбел»  этно ансамблі, «Назқоңыр», «Дарабоз» вокалдық топтары және Нургуль Кабдоллаева  өз өнерлерін көрсетті.
Айтыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен анықталып, арнайы дипломдармен сыйақымен марпатталды.
ІІІ орын - Нұрмат Мансұров, Серік Қуанған
ІІ орын - Нұрсұлтан Малдыбаев, Жансая Мусина
І орын - Рүстем Қайыртай
Бас жүлде - Дидар Қами