13 маусым күні Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестиваль аясында «ТӨР АЛТАЙ ҚАЛИХАНЫ МЕН ДИДАХМЕТІН ЖЫРЛАЙДЫ» атты республикалық поэзия фестивалі өтті.
Фестиваль Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «ПАРЫЗ» Қоғамдық қайырымдылық қоры және «Казцинк» компаниясының демеушілігімен, ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Поэзия кешіне республикамыздың және облысымыздың келесі қаламгерлері қатысты: Телманов Дәулет, Қалқаман Сарин, Әскерхан Ақтай, Ерлан Жүніс, Бақытжан Райыс, Бауыржан Игілік, Естай Жаңабай, Олжас Керейхан, Оразай Жеңісұлы, Мерей Қарт, Қызырбек Дүргінбайұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Құмар Зиятхан, Мұратқан Кенжехан, Дана Исағұлқызы.
Поэзия кеші ШҚО драма және оперетта театры актерлерінің тақырыптық қойылыммен басталды. Ақындар Қалихан Ысқақовтың 90 жылдығы мен Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдығына арналған жүрекжарды жырларын ұсынды.
ШҚО шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары: «Алтай» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Барқытбел» этно ансамблі, «An.Sal.Dar», «Назқоңыр», «Дарабоз» вокалдық топтары және Нұргүл Қабдоллаева, Халық Хамит, Бабаханова Жаухаз өз өнерлерін көрсетті.