Концерттік маусымның ашылуы
Құрметті қала тұрғындары мен қадірлі қонақтары!

Сіздерді 22 қыркүйек күні сағат 18:30-де облыстық филармонияның көрермендер залында өтетін жаңа концерттік маусымның салтанатты ашылуына шақырамыз! 
Концерттік бағдарламада: камералық оркестр, «Big band» джаз оркестрі, «Алтай» би ансамблі, «Барқытбел» фольклорлы-этнографиялық ансамблі (Тарбағатай), сондай-ақ облыстық филармонияның солисттері өнер көрсетеді! 
Сіздерді жанды дауыстағы музыкалық бағдарлама, хореографиялық қойылымдар және ең бастысы - нағыз өнердің шынайы атмосферасы күтеді!